Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік имамдары есеп берді
    Жаңалықтар

    Оңтүстік имамдары есеп берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.12.2015336 Views
    SAMSUNG CSC

    Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қалалық, аудандық мешіт имамдарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды. Бір күнге созылған мәжілісте бірқатар аудан, қала имамдарының есебінің нәтижесінде оң баға берілсе, ал кейбір жұмысы нашар аудандарға ескерту берілді.  Жалпы жыл бойы өзге аудандарға үлгі болған Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Б.Абдурахманов, Төлеби ауданы «Нұр» мешітінің имамы С.Анарбаев, Абай ауданы «Қождан ата» мешітінің имамы Д.Желеуов және Шымкент қаласы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің имамы Б.Қымбатовтарға өте жақсы деген баға берілді. Ал, Мақтарал ауданы, Шардара, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары жақсы нәтиже көрсеткен болса, Қазығұрт,  Сарыағаш, Сайрам аудардарына орта деген баға берілді. Сонымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Түлкібас, Ордабасы аудандарына жұмысты ширату туралы ескерту берілді. Бас мүфти хазрет ұйытқы болған “Ағаш-ел дәулеті, жер сәулеті” атты шарасында 36 мың дана ағаш пен гүл көшеттері отырғызылып, күтімге алынды.  Қарағанда облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға «Қайырымдылық — қадірлік іс» атты  қайырымдылық шарасында екі КамАЗ автокөлігі толтырылған азық-түлік, киім-кешек және 1357000  (бір миллион үш жүз елу жеті мың) теңге қаржылай көмек берілді.Облыстық  мешіт мен Зекет қоры тарапынан 11210 (он бір мың екі жүз он) үлкен-кіші қайырымдылық шарасы өткізілді.  Ал, Республикалдық  ақпарттық насихат тобының (РАНТ) мүшелерінің қатысуымен  24 кездесу өтіп, 2350 адам қамтылды. Ал ЖАНТ бойынша  108 кездесу өтіп, оған 10800 адам қатысты. Мұнымен қатар, уағыз-насихат жұмыстарының нәтижесінде теріс  ағымның жетегінде кеткен 208 азамат ата дініне оралды.  Ал түрлі мекемелерде  2432 кездесу өткізіліп,  97280 адам қатыстырылды.  Сонымен қатар, 242 мешіттің жанындағы діни сауат ашу курстарынан 12158  тәлімгер сауаттарын ашты.  Жалпы, мәжіліс барысында  ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қала, аудан имамдарына күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерті тапсырды. Атап айтқанда: Астана қаласында өткен І Имамдар форумында қабылданған төрт құжатты тереңірек зерделеп, жұмыс барысында басшылыққа алу, дін мен дәстүр шаралары, уағыз-насихат жұмыстары, жастар бөлімінің жұмыстары, баспасөз қызметінің маңыздылығы,  сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және қайырымдылық акцияларын бір ізділікке түсіру сынды мәселелерді тапсырды.111111111111111111

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.