Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО делегациясы жұмыс сапарымен Малайзияда болды
    Жаңалықтар

    ОҚО делегациясы жұмыс сапарымен Малайзияда болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.12.2015204 Views

    Таяуда Малайзияның Мири қаласындағы RIAM технологиялық институтының шақыртуымен оңтүстікқазақстандық делегация аталған жоғары оқу орнына жұмыс сапарымен барып қайтты. Іс-сапардың басты мақсаты мұнай өңдеу саласындағы оффшорлық аймақтың жұмыс барысымен және ондағы білім беру жүйесімен танысу болып табылады. Негізінен, малайзиялық ЖОО инженер-механиктер мен көлік инженерлерін, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді, автоматтандыру мен электрлендіру мамандарын, сондай-ақ, азпаздарды дайындайды. Мұндағы оқу мерзімі 2 жыл 3 айды құрайды.Аталған институтта Малайзиялық оқу бағдарламасымен қатар, халықаралық стандарттарға кіріктірілген арнайы сертификаттарға ие британдық 8 оқу бағдарламасы (оқу мерзімі 1,5 жыл) қоса оқытылады. Аталған бағдарлама бойынша білім алатын студенттерді британдық оқытушылар бағалайды. Айта кетейік, мұнда оқитын ізденушілердің 95 пайызы жоғары бағаланады. Ұлыбритания университетінің сертификатына ие болған түлектер Еуропа мен Американың жоғары оқу орындарында кедергісіз білімін жалғастырып, немесе, кез келген шетелдік компанияға жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар, Малайзияға іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан делегациясының мүшелерін RIAM технологиялық институтының құрылтайшысы ДаТО Хи Кинг Чион Шымкентте инвесторлардың қаражаты есебінен салынатын халықаралық техникалық колледждің жобасымен таныстырды. Жалпы құны 12 млн. АҚШ долларын құрайтын оқу орны 700 орынға шақталған. Аумағы 8 гектар болатын нысанға 200 адамға арналған жатақхана мен зертхана салу жоспарланған. Малайзияға сапар нәтижесінде, делегация мүшелері ОҚО мектептері мен колледждің оқу бағдарламасына халықаралық талаптарға сай келетін британдық бағдарламаны енгізу керектігін ұсынып отыр. 12309963_1508622586132016_1052773277250841885_o

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.