Отандық өнімды депутаттар да қолдап, қуаттайды. Осыдан 2-3 ай бұрын облыс әкімінің өзі барып, костюм сатып алған Сайрамдағы «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасыың аты бүгінде шартарапқа тараған. Бағасы тиімді, сапасы жоғары отандық өнімді қолдайтын Облыс мәслихатының депутаты, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры, «Алтын жүрек» сыйлығының «Жылдың қайырымды адамы» номинациясының иегері Амангелді Сопбеков киім дүкеніне бүгін арнайы барды. 2014 жылдың наурыз айында іске қосылған тігін цехының өнімдерін көріп, өзіне сатып алуды ұйғарыпты. Әуелі сапасын байқап, сосын таңдауға кірісті. Халық қалаулысының мақсаты Отандық өнімге қолдау таныту. Осылайша Амангелді Сопбеков игі бастамаға қолдау танытып отыр. Барлық Қазақстандықтарды жергілікті дүниені қолдауға шақырып, патриоттық сезімді оятты.
Бағлан Байкөбекқызы