Қаламыздағы Бейнелеу өнері мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды. Фотосуреттер көрмесінде Мемлекет Басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген. Шымкент қаласы әкімдігінің қолға алуымен жасалған көрме жастар арасында Елбасының елімізде және әлемдік деңгейде жеткен жетістіктерін паш етіп, сенімді арттыруға бағытталып отыр. Бейнелеу өнері мұражайына қойылған Ұлт көшбасшысының шетелдік әріптестерімен түскен фотолары Президенттің баспасөз орталығынан алдырылған. Көрме желтоқсанның 10-на дейін жалғасады.
ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...











