Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Төлеби ауданына барды
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Төлеби ауданына барды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.11.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Онда ол Сарқырама ауылындағы «Атамекен Корпорациясы» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы мен сүт фермасын және сүт өңдеу цехын аралап көрді. Сонымен қатар, сол ауылда «Атамекен» корпорациясының қолдауымен салынған дәрігерлік амбулаторияда, шаштаразда, спорт алаңшасы мен ауыл ардагерлеріне арналған қымызханада болды.

    аким толебиОсы тұста облыс әкімі кәсіпкерге барлығына үлгі болатындай жұмыс атқарғанын айтып, қалталы азаматтарға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылды көркейтіп дамытуға үлес қосуды ұсынды. Сондай-ақ, зәулім және заманауи үлгіде салынған мәдениет үйінде болып, әжелер хорының арнауын тыңдап, ауыл шаруашылығы көрмесін тамашалады. Ауданда өндірілетін жалпы өнімнің 60% астамын ауылшаруашылық саласы құрайды. Бұл бағытта биыл аудан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Аграрлы салада өзіндік салмағы бар Төле би  бал қымызымен де ерекшеленеді. Жылына 3 мың тоннадан астам қымыз өндіретін шаруаларға осы саланы дамыту мақсатында 12 млн. теңге  мемлекеттен субсидия берілді. Алдағы уақытта субсидия көлемі артып, өнім көлемі 5 мың тоннаға жетеді деп жоспарлануда.

    аким толеби4Сонымен қатар, жұмысшы топ республикамыздың сүт секторындағы жетекші кәсіпорын – «ФудМастер-Шымкент» компаниясының зауытында болды. Бүгінде «ФудМастер» өнімі барлық халықаралық сапа нормаларына жауап береді. Зауытта тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өнімдері шығарылады. Мұнда осы жылдың соңғы 3 айының өзінде 3,8 мың тонна сүт өңделіп, 994,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. 120-дан астам азаматты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын 16 шаруа қожалығынан бөлек облыс халқынан күнделікті сүт жинаумен айналысатын 30 жеткізушімен жұмыс істейді. «ФудМастер-Шымкент» зауыты өңірдің экономикасына тұрақты қаржы құйып отырады және жауапты салық төлеушісі болып табылады. Зауыттың соңғы бес жыл ішінде төлеген салығы 600 млн. теңдеген астам соманы құрады.

    аким толеби2Өңір басшысының жұмыс сапары Елбасының «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған Ленгер қаласындағы 200 адам қабылдайтын емхана мен 150 орындық орталық ауруханада жалғасты. Мұнда тұрғындарға білікті 41 дәрігер мен 150-ге жуық медбике қызмет көрсетеді. Ауруханадағы жаңа заманауи құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея, Германия сынды мемлекеттерден жеткізілген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.