Шымкентте әлеуметтік идеялар мен жаңа жобалар жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың барлық аудандарынан жалпы саны 17 қоғамдық бірлестік қатысып, тың бастамаларын жария етті. ОҚО -ның «Азаматтық альянсы» қауымдастығы мен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы бірлесе ұйымдастырған шараның мақсаты қоғамның сан саласындағы өзекті мәселелерді шешуде ұтымды тәсілдерді таңдап, оны әрі қарай іске асыру.
Ерлан Отарбаев