Ауыл шаруашылығына бейім Сарыағаш ауданында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі тойланды. Ала жаздай дала төсінде тер төгіп, еселі өнімге қол жеткізген жергілікті шаруалардың биылғы жетістігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Яғни саладағы межеленген жоспарлар артығымен орындалып, ағымдағы жылдың 10 айында өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің құны 53 млрд 357 млн тенгені құраған. Осындай көрсеткіштері арқылы облыс көлемінде алғашқы орыннан көрініп отырған Сарыағаш ауданындағы «Алтын күз-2015» мерекесі орталық алаңдағы жәрмеңкеден бастау алды.
Абай ОМАР