Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұловтың өкімімен Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев 1955 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын Алматы облысы «Амангелді» кеңшарында бастаған. Жамбыл аудандық ауылшаруашылық мекемелерінде экономист, бас экономист, бас бухгалтер лауазымдарында еңбек еткен. Жамбыл, Талғар аудандарының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бастығы, ауыл әкімі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы болған. 2015 жылғы шілдеден бастап Алматы облысы Іле ауданы әкімінің қаржы және экономика салалары бойынша орынбасары болып еңбек етіп келген.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...










