Оңтүстік Қазақстан Медициналық Фармацевтикалық академиясының медицина факультетінің деканы, балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Ағабек Қарабеков дүниеден озды. Ағабек Қарабекұлы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2015 жылдың — Ең үздік жыл өнертапқышы, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы».
Ағабек Қарабеков ұзақ жылдар бойы Алматы қалалық балалар ауруханасында еңбек еткен. 1981 жылы Кеңестер Одағының «Үздік өнертапқышы» атанған. Өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі әрі Оңтүстік Қазақстан Медициналық Фармацевтикалық академиясында факультет деканы болған. «Кеуде клеткасының шұңғыма тәрізді деформациясын жедел емдеу тәсілін» Алматы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері медицинада кеңінен қолданып келеді.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ағабек Қарабековтің шәкірттері бүгінде республиканың түкпір түкпірінде еңбек етуде. Балалар хирургиясының елімізде дамуына өзіндік үлесі бар Ағабек Қарабекұлы Бүгінгі күнге дейін 256 ғылыми еңбектің авторы атаныпты.
Ағабек Қарабекұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Ордабасы ауданы Бөген суқоймасындағы қара шаңырағында 24 қазан күні сағат 12-00-де өтеді.