Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджеті нақтыланды
    Жаңалықтар

    2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджеті нақтыланды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.10.2015138 Views

    2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланып, қазына қаржысы кезек күттірмейтін мәселелерге бұйырды. Қаржы дағдарысы тұсында  өңір бюджетін қайта қараған депутаттар бұл күні сан салаға бөлінген қаржының әр тиынын түгендеді. Әлемді алқымнан алып, аяғынан шалған  қаржылық қиындық кезінде бюджеттің әрбір теңгесі тек бірінші кезектегі мәселелерге қаралуы керек. Осыны ескерген халық қалаулылары  бюджетті нақтылау барысында қызметкерлердің еңбекақы мәселесіне және  мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының іске асуына баса назар аударды. Сонымен қатар, өңірдегі құрылысы аяқталмаған нысандарды жалғастыруға Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Әлеуметтік салалар да бюджетті нақтылау кезінде ұмыт қалған жоқ. Алпауыт елдердің де есігін қаққан дағдарыс кезінде өңір депутаттарын  Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов  «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасауға шақырды. Тың бағдарламаларды қолға алып, жаңа жобалардың үнемі бастамашысы болып жүретін «Айғақ» телеарнасының хабарлар топтамасы қашан да жұртшылық тарапынан жоғары қолдауға  ие. Осы ретте, аймақ басшысы арнамыздың тұрақты көрермені екендігін де жасырмады. Сессия соңында өңір басшысы алдағы атқарылар жұмыстарының жоспарын халық қалаулыларымен бөлісіп, ой елегінен өткізді. Өзіндік пікірлерін тыңдады. Бұл —  әкім мырзаның жұмыстағы іскерлігін танытса керек. Өйткені, жаңа бастамалардың жүйесінде көпшілікке ортақ пікірмен санасқан жанның қызметі әрдайым өрге басатыны белгілі.

    Еңлік ЗАМАНХАН

    230CP00.AVI_snapshot_00.00_[2015.10.21_18.58.59]

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.