Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі жұмыс сапарымен Созақ ауданына барды
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі жұмыс сапарымен Созақ ауданына барды

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.10.2015229 Views

    14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Алпыс мыңнан астам халқы бар Теріскейдегі бірқатар нысандарды аралап, өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берді. ОҚО әкімі, ең алдымен, Аққолтық ауылындағы Ш.Уәлиханов мектебінің жаңадан салынып жатқан ғимаратының құрылысымен танысты. Іргетасы 1973 жылы қаланған ескі мектептің тозығы жеткен болатын. 350 балаға шақталған, үш ауысымда білім беретін аудандағы жалғыз білім ордасының жаңа ғимаратының құрылысы осы жылдың шілде айында басталған. Нысанға облыс бюджетінен 395 миллион теңге қаралып, бүгінге дейін бұл соманың 150 миллион теңгесі игеріліпті. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, сапасын бақылаған өңір басшысы жаңа ғимараттағы спорт залының шатырын жыл соңына дейін бітіру керегін айтып, жауаптыларға тағы да 50 миллион теңге бөлуді тапсырды. Жаңа мектепті 2016 жылы пайдалануға  беру жоспарланып отыр.

    DSC_0016

    Жалпы, Созақ ауданында биыл төрт мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілсе, тағы үш білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудандағы «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ басшылығы 2006-2013 жылдар аралығында өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандар салуға 2 миллиард 800 миллион теңге бөлген.

    DSC_0008

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.