Облысымызда тұңғыш рет тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар көрмесі өтті. «MACHTEX — 2015» аталатын Халықаралық шара отандық тауарлардың әлеуетін арттырып, ел өнеркәсібіне серпін әкелу мақсатын көздейді. Облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға Корея, Польша, Ресей, Түркия және де Украинаның кәсіпорындары қатысты. Сондай-ақ. шетелдік өндірушілер отандық жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігіне арналған жабдықтарды, өнімдерді және қызметтерін көрсетті. Алыстан келген қонақтар мен қала тұрғындары көрмені аралап көріп, түрлі тоқыма cаласында жасалынып жатқан жұмыстарымен танысты. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған халықаралық форум алдағы бес жылдықта Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудың кешендік жоспарының мәселелері мен инвестициялық мүмкіндіктерді шетелге дайын өнімді экспорттауды талқылауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл жұмыстарды іске асыру үшін экономикалық кеңістік пен Кеден Одағының қазіргі шарттарында отандық жеңіл өнеркәсіптің келешекте дамуы, бұрынғыдай іскер қоғамның, мемлекеттік билік органдарының, салалық одақтардың және қоғамдық бірлестіктердің күш — жігерін біріктіруді талап етеді.
Жандос Шадыходжаев