Биыл Шымкент шаһары қала күнін 7 күн тойламақ. Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын қалада мерейтойға қызу дайындық басталып кеткен. Қала көшелерінде толығымен көріктендіру жұмыстары жүріп жатса, бір шетінен жаны жомарт жандар да игілікті іс атқарып, мерейтойға өз үлестерін қосуда. Мәселен, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Төреайым Сұлтанова қала күніне орай Нұрсаттық ағайынға ерекше қуаныш жасамақ. Яғни халық қалаулысы шағынаудандағы бас аяғы 115 ойын алаңшаларын қайта жаңартып, балғын бүлдіршіндердің жүзіне күлкі сыйлап отыр.
Жазира Жорабекова