Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бердібек Сапарбаев — Ақтөбе облысының жаңа әкімі
    Жаңалықтар

    Бердібек Сапарбаев — Ақтөбе облысының жаңа әкімі

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.09.2015421 Views

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жария болды. 1953 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген Бердібек Машбекұлы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі. 1969 жылдың тамыз айынан — Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жүмыстарды атқарушы. 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында — Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші. 1977 жылдың қазан айынан — ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан — аға экономист, 1988 жылдан -ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы. 1990 жылдан -ҚР Білім министрінің орынбасары.

    1994 жылдан — ҚРПрезиденті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың наурыз айынан — ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі. 1995 жылдың қыркүйек айынан -Қызылорда облысының әкімі. 1999 жылдан — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2002 жылдан — ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. 2004 жылдан — қаржы вице-министрі — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. 2006 жылдан — ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары -ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі. 2007 жылдан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев бұл тағайындауға дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінде болды. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.