Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылық керуені аттанды
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылық керуені аттанды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.09.2015234 Views

    Ұлттың ұйытқысы Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты. Бас қалада қыркүйектің 12 -13 күндері өтетін жәрмеңкеге жалпы құны 90 миллионға жуық теңгенің 306 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Елордалықтарға нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен 52 тонна ет, 5 тонна қымыз, 127 тонна көкөніс, 11 тонна картоп, 35 тонна бақша өнімдері мен  55 мың дана жұмыртқа жәрмеңкеге шығарылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша 164 ауыл шаруашылығы  жәрменкесі өткізіліп, оған  500 мың тоннаға жуық  ауыл шаруашылығы өнімдері мен 300 мың дана жұмыртқа шығарылған. Аталған жәрмеңкелердің жалпы сомасы  2 милллиардқа жуық теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласына бейім өңірде әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, мақта және бидайдың егіс алқаптары кемітілсе, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көлемі 3 мың гектарға ұлғайтылды. Ал жалпы егіс көлемі 785 мың гектарға жеткен. Облыста ағымдағы жылы 850 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 85 мың тонна жеміс-жидек, 58 мың тонна жүзім өндіру жоспарлануда. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс жидектен, жүзімнен 3 есеге артық. Мал шаруашылығын дамыту бойынша да біршама жұмыстар жоспарланып отыр дейді сала мамандары. Атап айтсақ, жыл соңына дейін 2735 шағын бордақылау алаңдары, 516 жанұялық сүт ферма, 41 сүт қабылдау бекеті, 16 шағын құс фермалары ашылмақ. Қайта өңдеу саласы бойынша ағымдағы жылы қосымша қуаттылығы 10600 тонна ет, 8850 тонна сүт, 18500 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, ауыл шаруашылығының жалпы өнім қөлемі 346,6 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105 % жеткізіледі. Облыс халқының қажеттілігінен артық өнімдер Республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.