• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Қазақ Хандығының 550 жылдығына» арналған сапар мақсаты орындалды

21.08.2015
0

IMG_3803«Қазақ  хандығының 550 жылдығына» байланысты  еліміздің  тарихи  мекендеріне  сапар шеккен телеарнамыздың  шығармашылық  тобы бас қалада түсірілім жұмыстарын аяқтады. Делегаттар Тәуке хан 7 жарғыға  мөр басқан  Мәртөбеден бастау алған сапар барысында  6 бірдей облыстың  шегарасын кесіп өтіп, терең тарихқа көз жүгіртті. Екі жұмаға жалғасқан  экспедиция  барысында Қазақ хандығы заманына қатысты тарихшы  қауым тарапынан  айтыла бермейтін,  тың ақпарлардың да беті ашылды. 1710 жылы   Қызылорда  облысына қарасты Қарақұм  жерінде Кіші жүз билеушісі  Әбілхайырды халық ақ биенің  сүтіне  шомылдырып, ақ киізге отырғызып,  небәрі 17 жасында хан сайлайды. Ерекше дипломатиялық іскерлігімен, жанкештілігімен  халқын сан мәрте жоңғарларға қарсы шайқаста аман  алып қалған Әбілхайыр ханның «Ақ ордасы» 10 жылға жуық Қазалы ауданының аумағында  орын тепкен.

Image8

Тілеу Айтұлы – «Сайрам соғысының сардары» деген атқа ие болған  баһадүр.  1681 жылы Ақтөбе облысынан  Сайрамға  17 мың  сарбаз қол бастап барады. Бұл тұста Салқам Жәңгір ханның баласы Тәуке хан  билік тізгінін өз қолына  алған болатын.  Оңтүстіктегі қандас бауырларын  жау қолынан  азат етуде  1500  шақырым  қашықтықта жатқан  Сайрам жеріне атты әскермен келу деген нағыз ержүректіліктің, бауырмалдылықтың белгісі  болса керек. Қанды шайқастардың бірінде  тұңғыш ұлы Жолдаяқпен бірге  көз жұмып, Түркістанға жерленеді.  Батырдың туып-өскен мекені  Ақтөбеде  бүгінде есімі ардақталып,  даңқы  шартарапқа жайылған. Баба  есімінің  ұлықталуында 88 жастағы  ұрпағы  Кемейдулла  Төлеубай қарияның еңбегі  еселі көрінеді.   Ақтөбе облысының  Ресей  Федерациясымен  шегералас жатқан,  қиырында Қобыланды батыр жерленген.  тарихи тұлғадан гөрі  әдебиет әлемінде аты әйгілі батырға арналып кесене атақты  «Қобда» өзенінің  маңынан салынған. Жоғарыдан қарағанда  батырдың 5 қаруын бейнелейтін кешенде болып,  рухына арнап,  Құран бағыштадық. Батырдың бүгінгі  ұрпақтары да  мұнда жиі  келіп, қамқорлықтарын  көрсетіп тұрады екен.

 

Image1

Телеэкспедицияның төртінші  болып аяқ басқан өңірі – Қостанай облысы. Алғашында Мұхамеджан  Сералин мен Бейімбет Майлиндердің  бастауымен  қолға алынған «Ауыл» газетінің бүгінгі  тыныс-тіршілігімен таныс болдық. Қазірде «Қостанай таңы» және  «Костанайские новости» атымен басылып шығатын  қос газет елдегі жаңалықтардан өзге танымдық дүниелерді  жеткізуде  бір ғимаратта жұмыс жасауда.

Image11Солтүстік Қазақстан облысындағы  ең  көрнекті  орын, Хан Абылайдың тұсында ақ орда қызметін атқарған  резиденция. Бір кездері  сау тамтығы қалмаған, тарихи орын 2008 жылы  Елбасының  қолдауымен қайта жаңартудан  өтеді.  Бұл орында  кезінде  ел үшін  маңызы  аса жоғары  келіссөздер  өтіп,  шешімдер қабылданған. Реставрациядан соң Петропавл қаласындағы зәулім  ғимараттың ашылу салтанатына  мемлекет басшысы  арнайы  қатысқан.

Image7

Еліміздің  қиыр  солтүстігіндегі  түсірілім жұмыстарын  тәмамдап, бағдарлама негізінде  Ақмола облысына  жол тарттық. 5000 шақырым қазақтың  ұлан байтақ жерін еңсеріп, Елордаға  жеткен біздер,  2 жұмаға  жалғасқан  телеэкспедициямыздың басты мақсаттарын орындадық.

Ботагөз Мәдібек

Previous Post

«Ордабасы» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Next Post

«Билерге тағзым» атты велошеру өтті

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.