• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыстық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

05.08.2015
0

Sequence 01.Still003

Облыстық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті. Халық қалаулылары мен басқарма басшылары, сондай-ақ аудан-қала әкімдерінің қатысуымен өткен отырыста облыс әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерінің іске асырылуы жөніндегі есебі тыңдалды. Айта кетейік, Индустриялы-инновациялық даму серпіні бойынша облыс республикада алғашқы орында. Халықтың әлеуметтік ахуалы да жөнге келіп, жұмыссыздардың саны азайған. Мәселен,  өңірдегі 22 мың азамат «Жұмыспен қамту — 2020»  бағдарламасының шапағатын көріп отыр.

Облысымызда атқарылған ауқымды тірліктер мен жүйелі жұмыстар жетерлік. Іске асқан жобалар мен тындырымды тірліктердің бір парасын облыс әкімі сессия отырысында баяндады. Мәселен, Республикада даму көрсеткіші бойынша алғашқылардың қатарынан көрініп келген Оңтүстікте, аумағы 337 га құрайтын «Оңтүстік» индустриялық аймақта 45 кәсіпорын бар. Онда 3,3 мыңға жуық жұмыс орны  іске қосылып, жұмыссыздық деңгейі де төмендеуде. Ал, іске қосылған «Тассай» индустриялық аймағының жобалық сметалық құжаты дайындалып, инфрақұрылым құрылысына 800 млн теңге қазына қаржысынан бұйырыпты. Әуежай маңындағы «Қазақ – Түрік», аталмыш орынға іргелес «Бадам» индустриялық аймағы да іске қосылып, нәтижесінде экономикаға тың серпіліс беретін жобалар дүниеге келмек. Ел әлеуетінің артуында оң септігі бар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 21 жоба мақұлданып, оның 9-ы жұмысын бастаған.

Sequence 01.Still002

Ал кәсіпкерлік саласына жаңа бетбұрыс әкелген тың жобалар мен идеялар көп. Тек қаладағы кәсіпкерлерге ғана емес шалғайдағы орта және шағын бизнес өкілдеріне шапағаты тиетін бағдарламалар облыс әкімдігінің қолдауының арқасында «Максимум» АИО 2,9 млрд құрайтын 778 жобаны қаржыландырыпты. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының еншісіне 137,5 млрд теңге құрайтын 99 жоба еніп отыр. Бұл бизнесімді дамытып,  тасымды өрге домалатамын деген еңбек адамдарының қарышты қадамдарына жасалған қолдау. Ірі кәсіп иелерінің де меншігінде толағай табыстар бар және әлі де бола бермек. Әрине бұл — әрдайым билік өкілдерінен демеу көрсетілудің нәтижесі. Мәселен, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 7 ұлттық компаниялармен 9 млрд теңгеден  астам тауар  жұмыстары мен қызметтерді жеткізуге меморандумға қол қойылған. Мұндай ірі жобалар арқылы ірі бизнес әлеміне енуге мол мүмкіндік болмақ.  Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына енген еліміздің бұл салаға үлес қосуында Оңтүстіктің орны бөлек. Кәсіпкерлікті дамытып, отандық өнімдерді өндіруде кәсіп иелері оңды істерін жүзеге асыруда. Енді кәсіпкерлер күш біріктіре отырып, бәскелестікке төтеп берсе болғаны.

Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік салалар бойынша да Оңтүстік өзге облыстарға қарағанда көш ілгері. Апатты және үш ауысымды мектептердің санын жойып, өскелең ұрпақты біліммен толыққанды  қамтамасыз ету үшін де атқарылған шаруалар толағай.

Жалпы, қаймағы бұзылмаған Оңтүстік қай салада болмасын көш басында. Яғни Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, тапсырмалардың орындалуы бойынша республикада алғашқылардың қатарында. Өңірдегі аудан қалалардың өсіп өнуі, әлеуетінің артуы, экономикасының қарышты қадамдарға аяқ басуы, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы да жоғары. Бұл игі істер мен ілкімді шаруалардың бастаушысы облыс әкімінің және оның аппаратының атқарған жұмыстарының нәтижесі. Осы орайда айта кетейік,  Облыс әкімі басшылыққа келгелі бері жеке қолтаңбасын қалдырған жобалары мен тың идеялары көп.  Мәселен ел татулығының артып, ынтымағының беки түсуі үшін «Ырыс алды ынтымақ»  форумының бастау алып, шымылдығын түруінде Асқар Мырзахметовтің елеулі үлесі бар.  Ал, бизнес өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында «Максимум» АИО және «Ырыс» қаржы ұйымдары кәсіп иелерінің еңбек жолына аяқ басуына септігін тигізіп келеді. Облыс орталығы Шымкенттегі саябақтар мен көшелердің ретке келуінде де әкім Асқар Исабекұлы салмақты үлес қосты. Индустриалды жобалардың іске асуы, сондай-ақ, Шымкаладағы сәулеті мен салтанаты  келіскен  әкімшілік іскерлік орталығының, жалпы Астана даңғылының бойында орналасқан Нұртас шағын ауданның бой көтеруі бұл Асқар Исабекұлының оңды жобасының бірі ғана.  Ал, елдің бүгіні мен өткенін тоғыстырып, жас ұрпаққа патриоттық тәлім мен тәрбие беретін  Наурыз алаңындағы  мұражай орталықтарының жұмыс жасауы облыс әкімнің игі ісінің бір көрінісі.

Өңірде атқарылған  ілкімді істермен жүйелі жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің  есебіне халық қалаулылары бір ауыздан қолдау танытты.

Sequence 01.Still001

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҰЛАНДЫҚТАР 50 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙЛАДЫ»

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ БІРЛЕСІП РЕЙД ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
03.09.2025
0

  Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция департаменті бірлесіп кезекті профилактикалық рейд жүргізді. Басты мақсат – жарық шамы мен...

ҰЛАНДЫҚТАР 50 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙЛАДЫ»

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРЛЫҒЫНАН МАҢЫЗДЫ!

Айғақ медиа
03.09.2025
0

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір ата-ананың ең басты міндеті. Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) тұрғындар...

ҰЛАНДЫҚТАР 50 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙЛАДЫ»

«ӨМІРІҢІЗДІ ҚАТЕРГЕ ТІКПЕҢІЗ!»

Айғақ медиа
03.09.2025
0

Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу – төтенше жағдайлар қызметінің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД)...

ҰЛАНДЫҚТАР 50 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙЛАДЫ»

ӨМІРІН ӨЗГЕЛЕР ҮШІН ТӘУЕКЕЛГЕ ТІККЕН ҚАҺАРМАН

Айғақ медиа
03.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына орай біз ел тыныштығы мен азаматтардың өмірін қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген...

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ!

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ!

Айғақ медиа
03.09.2025
0

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары және қонақтары! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйек...

ҰЛАНДЫҚТАР 50 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙЛАДЫ»

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 200 ШАРШЫ МЕТРЛІК МУРАЛ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орай Шымкент қаласында еліміздің құтқарушыларына арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.