Қазақстандық әр кәсіпкер «Алтын сапа» сыйлығынан үмітті. Байқау 10 жылдан бері тұрақты өткізіліп, таңдаулы кәсіпорындарды көпшілікке танытып келеді.
Биылдан бастап «Алтын сапа» мен «Қазақстанның таңдаулы тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы болып «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленді. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте байқау талаптары таныстырылды. «Ең бастысы, өнімдер сапалы әрі бәсекеге лайық болуы тиіс» дейді сарапшылар. Қазір аймақта облыстық деңгейдегі бәсекеге қатысуға 40 кәсіпорын ниет білдірген. Кәсіпкерлер шығарылған өнімнің қазақстандық екенін айғақтайтын СТ-KZ сертификатына баса мән беруі тиіс. Маусым айынан бастап беріле бастаған сертификатқа осы уақытқа дейін 123 жетісулық кәсіпорын қол жеткізді.