Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында кешенді медициналық тексеруден өтіп жатыр. Олардың арасында дәрігерлермен қатар орта және кіші қызметкерлер де бар. Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үлкен жауапкершілік пен эмоционалдық жүктемені талап етеді. Әсіресе кардиологтар мен кардиохирургтар күн сайын жүрек ауруларымен күреседі. Сағаттап ота үстелінде тұрады. Сондықтан мамандардың өз денсаулығын бақылауы да маңызды. Осы мақсатта Шымкент жүрек орталығы өңірде алғаш рет өз қызметкерлерінің денсаулығын кешенді диагностикалау мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобаны іске қосты. Бастама аясында орталықтың 480 медицина…
Автор: Айғақ медиа
Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы улайтын жалған идеологиялардың тұзағына айналды. Осы бір өзекті мәселені арқау еткен «Жол» телесериалының шаһарда жабық көрсетілімі өтті. Ауқымды жоба Шымкент қаласының Дін істері басқармасының тапсырысымен түсіріліп 4 айдың ішінде жарыққа шыққан. Туындының бас аяғы қысқа уақытта әзірленсе де, көтерген жүгі ауыр. Негізгі мақсат — өскелең ұрпақты теріс діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, ақпаратты саралап қабылдауға баулу және қоғамның діни сауатын арттыру. Мамандардың дабылы негізсіз емес. «Бұл қауіпке бейжай қарау — қатерге бас тігумен тең»,— дейді олар. Себебі жат ағымның жетегінде кеткен әрбір…
Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын құтқарушылар 19 қазанда кәсіби мерекесін атап өтті. Құтқарушылардың күнделікті жұмысы – адам өмірін сақтау, зардап шеккендерге көмек көрсету және төтенше жағдайлардың салдарын жою. Аталмыш мереке Жастар ресурстық орталығында өтті. Олардың жедел әрекеті мен кәсіби даярлығы талай адамның аман қалуына мүмкіндік береді.Құтқарушы болу – батылдық пен табандылықты талап ететін жауапты қызмет. Ел қауіпсіздігі жолында тәулік бойы еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Verify you are humanChecking your browser before accessing this site.Click to verify →Then you will be redirected…
Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін кеңейту үшін жаңа қонақ үйлер салынып жатыр. Сонымен қатар шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Отырыста қоғамдық кеңестің құрамына жаңадан қабылданған екі мүшеге куәлік табысталды. Сондай-ақ күн тәртібіне енгізілген екі мәселе қаралып, қаланың дамуына қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.Туризм — қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын маңызды салалардың бірі. Бүгінде Шымкентте туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Биыл бес қонақ үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ал тағы сегіз нысанда құрылыс…
Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші мегаполис Шымкент қаласында да ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі — электротехникалық жабдықтар мен жоғары вольтты трансформаторлар шығаратын бірегей кәсіпорын. Бүгінде бұл зауыт тек ішкі нарықты ғана қамтып қоймай, өз өнімдерін жақын және алыс шетелдерге белсенді түрде экспорттап келеді. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорында жүздеген жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс көлемін ұлғайту арқылы зауыт ел экономикасының әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отыр. Мамандардың айтуынша, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жоғары және оған деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Verify you…
Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен құттықтады. Осылайша, жаңа қоныс иелері оқу жылы қарсаңында көптен күткен баспаналарына қол жеткізді. Баспана кезегінде тұрған 40 отбасы көптен күткен қуанышты сәтке куә болды. Жаңа пәтерлер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жеңілдетілген несие арқылы берілді. Солардың бірі бұл күнді 12 жыл бойы күткенін айтып, қуанышын жеткізді. Енді тұрғындар заманауи талаптарға сай жайлы баспаналарда жаңа өмір бастамақ. Бұл – отбасылардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жаңа баспаналар ең алдымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға ұсынылды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, толық…
Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға жол ашу мақсатында шаһарда «Күзгі шабыт – Жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шара өтті. Мұнда ұлттық қолөнер мен кәсіпкерлік тоғысып, әйелдердің тың идеялары мен еңбектері көпшілікке ұсынылды. Жиын аясында 30ға жуық кәсіпкер жәрмеңкеге өз өнімдерін шығарып, көпшілік назарына ұсынды. Мұндағы қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы заттар, әшекейлер мен кондитерлік өнімдер — әйелдердің еңбегі мен шығармашылық ізденісінің көрінісі. Шараның негізгі мақсаты — әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, жаңа бастамаларына қолдау көрсету. Мұнда қатысушылар кәсіпкерлікті қаржыландыру, гранттар мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша тиісті мамандардан кеңес алдыЖәрмеңкеге қатысушылардың…
Шымкентте 30 отбасы жалға берілетін және несиелік үйлерге ие болды.Қала әкімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстады.Сондай-ақ баспана иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Қоныс тойын тойлайтындардың қатарында 5 баланың анасы Ұлдана Есенгелдіқызы да бар. Бүгінде несиелік баспанаға қол жеткізгеніне ерекше қуанышты. Айтуынша 2021 жылдың ақпан айында кезекке тұрған. Ал бұған дейін жалдамалы пәтерде өмір сүргенін атап өтті. Айта кетейік, жалға берілетін үйлер Қайтпас шағынауданында, ал несиелік үйлер Асар-2 елді мекенінде орналасқан. Сонлай -ақ Жаңа пәтерге ие болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар,…
Өмірін ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап, артында өшпес із қалдырған Батырбек Өтеповтің есімі ел жадында жаңғыра түспек. Шаһарда қайраткердің 80 жылдығына орай «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Аталған шараға қайраткердің жары Бибіайша Өтепова қатысып, жолдасы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, өмір жолынан сыр шертті. Кеш аясында қайраткердің қолөнер туындылары мен еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Салтанатты жиында шебердің рухани мұрасына айрықша мән берілген. Жарынан қалған аманатқа адалдық танытып, жылдар бойы оның есімін ұлықтап келе жатқан Бибіайша Өтеповаға қала әкімінің атынан арнайы алғыс хат табысталды. Ол қайраткер мұрасын сақтап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа жеткізуге де зор үлес қосып келеді.Бүгінде қалада Батырбек…
Шаһардың Шығыс бөлігінде орналасқан ПетроКазакстан компаниясының аумағында кезекті өрт тактикалық оқу жаттығуы өтті. Арнайы ұйымдастырылған шараға 56 қызметкер қатысып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін пысықтады. Жиынның мақсаты да қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғаныс шараларын бақылуда ұстау.Мегаполистегі ауқымды мұнай өңдеу зауыты аумағындағы оқу жаттығудың тактикалық жұмысына сәйкес мұнай өңдейтін мұнара өртке оранды. Мекеме қызметкерлері жедел эвакуацияланып, өрт сөндірушілерге хабарлама берілді. Сол сәтте оқиға орнына құрылымды күштердің техникалары жедел жетіп, іске кірісіп кетті. Жанып жатқан мұнарадағы өртті тоқтау үшін жан жақтан көбікті шабуыл жасалды. Өрт сөндіру барысында мамандар жедел әрекет етіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Аталған мұнай өңдеу зауытында мемлекеттік емес өртке қарсы…

