Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев ішкі істер органдарының жұмысына оң баға берді
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев ішкі істер органдарының жұмысына оң баға берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.03.2020225 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық лездеме отырысында еліміздегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді. Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан жолаушылар автобусындағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 50 адамды шұғыл түрде анықтап, қауіптің алдын алған полиция саласы өкілдерінің қырағылығын атап өтті. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде барлық жолаушылар оқшаулануға алынып, тиісті медициналық тексеруден өтуде. Карантинге жатқызылған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады, — Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

    Жиналыста баяндама жасаған Түркістан облыстық ІІД басшысы Қайрат Дәлбеков атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтып берді. Белгілі болғандай, қауіп төндірген қалааралық автобустың жүргізушісінде жолаушылар туралы ақпарат мүлдем болмаған. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бақылау бекетінен өткен кезде блок-пост қызметкерлері жолаушылардың жеке басына қатысты мәліметтерін жазып алған. Пандемияның алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдағаны белгілі. Сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылды. Олар елдімекендерде, теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Отырыс барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық бақылау бекеттерінде «Сергек» камераларын орнатуды міндеттеді.

    Жиналыста «Жібек жолы» кеден бекетінің алдында шоғырланған шетел азаматтарының тағдыры жайлы да айтылды. Бірнеше күн бойы оларға барлық жағдай жасалып, арнайы ашылған лагерьге орналастырылды. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, 1777 азамат Өзбекстан Республикасына өткізілді. Тағы жүзден астамы отандарына оралуды күтіп отыр.

    Жыл басынан бері короновирусқа қатысты Полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабымен, Көрінеу жалған ақпарат тарату деректері бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар: Кентау Түркістан қалалары, Мақтарал, Шардара, Келес, Жетісай аудандарында орын алған.

    Жалпы облыс аумағында 112 ірі сауда орталықтары, 103 базарлар, 33 автовокзалдар, 1 кинотеатр, 1133 кафе-барлар орналасқан. Облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай режимінде Департаментке жүктелген міндеттер қатаң бақылауға алынып, тиісті барлық іс-шаралар атқарылуда.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.