Шымкенттік еріктілер жұмыстарын жандандыра түсті. Шаһардағы «Север» сауда орталығында «Mega Pharma» ЖШС-нің қолдауымен короновирустың алдын алу шараларына байланысты 20 000 мыңға жуық медициналық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәрумендері таратылды. Ерікті жастар елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде өзгелерге осылайша көмек беруді жөн санапты. Игі іске 100-ден астам ерікті жұмылдырылған.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды еріктілер жылы деп жариялауына байланысты осы шараға біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Халық денсаулығын сақтауға, аталмыш індеттің алдын алуға үлес қосу біздің борышымыз», – дейді ерікті жастар.
Таратылған тегін бетпердеге қала тұрғындары алғыстарын айтуда. Адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, сауда нүктелерінде осындай маскаларды тағып жүру өміріңізге төнген қауіпті сәлде болса сейілтетіні анық.