Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев: Кез келген жағдайға тас түйін дайын тұру керек
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев: Кез келген жағдайға тас түйін дайын тұру керек

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.03.2020598 Views

    COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар анықталған жағдайда инфекцияның таралуын болдырмау үшін қауіпті ошақ қоршауға алынады. Облыс әкімі әр аудан басшыларына 100 адамдық оқшаулау орындарын дайындауды жүктеді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басқаруымен өткен апталық лездеме отырысында елдегі төтенше жағдайға орай атқарылып жатқан жұмыс барысы пысықталды. Облыс басшысы барлық аудан әкімдеріне коронавирустық инфекцияның таралуына тосқауыл қою шараларын күшейтіп, бес қаруы сай болуды тапсырды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Кез-келген жағдайға тас-түйін дайын тұру керек. Әрбір азаматымыздың амандығын ойлай отырып, зор жауапкершілік танытып, дайындық жұмыстарына тыңғылықты және мұқият қарау керек. Дертке қарсы күрес үшін қажетті барлық жағдай жан-жақты жасалуы тиіс», – деді Өмірзақ Естайұлы.

    Қауіпті кеселге ұқсас клиникасы бар азаматтардың диагноздарын анықтау мақсатында облыс аумағында 240 төсек-орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Одан бөлек, барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайындық жағдайына келтірілген. Қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 505 төсек-орынға обсервациялық орталықтар ашылған. Онда 300-ден астам медицина саласының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

    Оқшаулау орындарында өкпені жасанды желдету медициналық құрал-жабдықтарының санын арттырып, қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық қамтылған. Блок-бекеттерде медициналық қызметкерлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қосымша тапсырыстар берілген. Барлық медициналық ұйымдардағы медициналық қызметкерлер коронавирустың клиникасы, емдеу және диагностикалау бойынша тұрақты түрде дайындық шараларынан өтуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.