• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Командалық көкпар ойындарының жеңімпаздары анықталды

27.02.2020
0

Соңғы жылдары ел арасында көкпар ойындары көптеп ұйымдастырылып келеді. Мақсат ұлттық спорт пен оны жанына серік еткен тақымы мықты шабандоздарды халыққа насихаттау. Осы орайда, Түркістан облыстық  балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық спорт мектебі ұйымдастырған  жастар арасындағы командалық көкпар ойындары осы бір спорт түрі бойынша  Кеңес Одағының 7 дүркін жеңімпазы,  даңқты палуан Шымырбай Әуезбаевтың жүлдесіне арналды. Төлеби ауданының Қасқасу ауылында 1949 жылы дүниеге келген Шымырбай ақсақал жастайынан көкпар ойынын жанына серік етіп, талай додаларда топ жарған даңқты спортшылардың бірі.  Өзінің ізін басқан інілерді де ұлттық спортқа баулып, талай шәкірттерді шыңдаған азамат бүгінде 70 жастан асса да, әрдайым көкпар ойындарының белсенді жанкүйері болып келеді.

Сонымен, бұл күнгі  көкпар додасына өңіріміздің 7 ауданынан 7 бірдей  21 жасқа дейінгі спортшылардан құралған командалар қатысса, жарыс шымылдығы Сайрам және Ордабасы ауданы құрамаларының кездесуімен басталды. Ал, бұл дүбірлі бәсекені  ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық  іс-шараның басты  мақсаты – Шымырбай ақсақалдай даңқты спортшыларды дәріптеу,  ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, ел арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, париоттық сезімге, мәдениеттілікке тәрбиелеу болып табылады.

Жастар арасындағы командалық көкпардың шымылдығын түрген Сайрам мен Ордабасы командалары кездесуінің қорытындысы бойынша Ордабасылық команда қарсыластарын қапы қалдырып, 5-0 есебімен айқын жеңіске жетті

Қазақта ұлттық спорттың сан алуан түрі бар. Бірақ, арасында көкпардың шоқтығы ерекше биік. Тіпті, еліміздің әр аймағында ат спорты мектебі құрылып, көкпар командалары жасақталған. 1991-1992 жылдары командалық көкпардың алғашқы ережелері жазылып, ойынды белгілі бір тәртіппен, бекітілген жүйемен өткізу қалыптаса бастады. Сонымен, бұл күні сынға түскен 7 командадан жартылай финалға Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Келес ауданының құрамалары іріктеліп шықты.

Бұл спортта ойыншыдан бөлек сынға түскен сәйгүлік те мықты болуы керек. Төрт түліктің төресін тізгіндеп қана қоймай, онымен жүйелі жұмыс істеу қажет. Қанымызға жат емес, делебені қоздыратын көкпар қазір үлкен қызығушылыққа ие. Көкпар — жігіттердің күш жігерін, төзімділігін батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар, көкпар – аттың қалай бапталып, үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.

 Шымырбай Әуезбаев атындағы облыстық турнир мен чемпионаттың ақтық бәсекелері де тартысқа толы  болды. Айталық, үшінші орынға таласқан Келес пен Қазығұрт ауданының командалары  арасындағы кездесуде 3-4 есебі тіркеліп, Қазығұрт ауданы жеңіске жетсе, чемпионат жеңімпазы анықталатын ақтық сында  Төлеби мен  Ордабасы ауданының құрамалары кездесті. Сонымен, жан алысып, жан беріскен кездесу қорытындысымен бабы мен бағы қатар шапқан Ордабасы командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде,  бірінші орын Ордабасы ауданы, екінші орын Төлеби, ал үшінші орынға Қазығұрт ауданының көкпар командасы жайғасса, жеңімпаздар жарысты  ұйымдастырушылар алқасының арнайы марапаттарына ие болды.

Абай Омаров

Previous Post

Бауыржан Байбек Жетісайда көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырды

Next Post

Түркістанның кірістер департаменті түсім бойынша республикада екінші орынды иемденді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.