Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Медициналық туризм дамып келеді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Медициналық туризм дамып келеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.2020218 Views

    Облыстық клиникалық ауруханасы облыс тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін өңірдегі жетекші медициналық орталық болып табылады. Жыл санап бұл емдеу мекемесінің қызметі Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елінің азаматтары тарапынан сұранысқа ие болып келеді. Шетелдіктер көбінесе жарақат бөлімінің көмегіне жүгінуде. Мәселен, былтыр Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 100-ге жуық шетел азаматы ем қабылдаған. Шет тілін меңгерген 30-ға жуық маман өзге мемлекеттерден келген науқастарға жоғары деңгейде қызметтерін ұсынып келеді.

    Жоғары білікті дәрігерлер сондай-ақ жыл сайын нейрохирургия, ортопедия, ота жасау, сәулелік диагностика сынды клиникалық жолдамалар бойынша Ресей, Германия, Украина, Үндістан, Оңтүстік Корея, Испания және Израиль мемлекеттерінде біліктілік арттырады. Одан бөлек шетелдік дәрігерлер осында келіп, жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

    Қазіргі таңда облыстық клиникалық ауруханаға қарасты 2 емхана және 18 бөлімде 1800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Әрине, ең басты міндеттері облыс халқына сапалы әрі тиімді медициналық ем көрсету. Өңірге қарасты барлық аудан тұрғындарына жолдама арқылы тегін медициналық қызметтер ұсынылады. Шалғай ауылда тұратын науқастардың жағдайы шұғыл көмекті қажет етсе, ауруханаға санитарлық авиация арқылы жеткізіледі.

    24 сағат бойы халық үшін тынымсыз еңбек – облыстық клиникалық ауруханадағы әр дәрігердің өмірлік ұстанымы.

    Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.