Шымкент қаласының әкімі өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп беруде. «Түркістан» сарайында өтіп жатқан жиынға келгендер саны өте көп. Тіпті симай сыртта тұрғандары қаншама. 2020 жылдың 21-ақпаны күні мегаполиске әкім болып тағайындалған Мұрат Әйтенов баяндама жасап, қаланың тіршілігі туралы айтты.
Өткен жылы Шымкент қаласында кәсіпкерлік саны көбейген. Нәтижесінде «Индустриалды аймақта» орын жоқ. Сондықтан үшінші мегаполисте тағы екі индустриалды аймақ салынбақ. 2020 жылы Шымкент қаласында өте көп шаруа атқарылғалы тұр. Мәдени астананың мәртебесі көтерілу үшін жол, су, жарық жалпы инфрақұрылым шешілмек. Осылай деп баяндама жасаған Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент тұрғындарын мәдениетті болуға, қаланы таза ұстауға шақырды.
Баяндама аяқтала сала, сұраққа кезек берілді. Микрафонға тізілген тұрғындардың саны шексіз. Байқағанымыз қала халқының әкімге деген сұрағы өте көп екен. Тіпті кезекте тізіліп тұрғандар ұзын-сонар. Қойылып жатқан сұрақтар әлеуметтік мәселеге қатысты.
Еске сала кетейік, Шымкентте 2019 жылдың 7 айында Ғабидолла Әбдірахымов, 5 айында Ерлан Айтаханов әкім болған болатын.