Шымкент қаласының әкіміне қойылып жатқан сұрақтар өте көп. Тіпті кезекте тұрғандардың санында шек жоқ. Шамамен 100 адам сұрақ қоюда. Әлеуметтік мәселені айтып жатқан тұрғындарға мегаполис әкімі мүмкіндік берді. Тек таласпай, кезекпен сұрақ қоюын өтінді. Апта сайын қоғамдық қабылдау өткізіп жатырмын. Шымкент қаласында миллион тұрғын бар, барлықтарыңызды қабылдап отыра берсем сонда кім жұмыс істейді? Түсінем мәселе көп. Бірақ, қаланы көркейтуге, дамытуға уақыт беріңіздерші,- деді қала басшысы. Расында Шымкенттің тұрғындары көтеріп жатқан мәселе тым шектен тыс. Ортасында жеке мәселін айтқандар да бар.