Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының міндетін атқарушы болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева тағайындалды. Оны оқу ордасының ұжымына ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Ержан Іргебаев таныстырды, — деп хабарлайды ОҚМПУ-дың баспасөз қызметінен.