Атаулы әлеуметтік көмек алушылар назарына! 1 қаңтардан бастап жаңа өзгерістер енгізілген атаулы әлеуметтік көмекке құжат жинау енді арнайы кесте бойынша жүзеге аспақ. Ол үшін алфавиттік кесте жасалып, қаңтар айының соңына дейін барлық әріптер 25 күнге бөлінген. Өз фамилияңыздың бастапқы әріпі қай күнге түскен болса, сол күні келіп құжат тапсырасыз. Бұл — арнайы орталықтағы қолайсыз кезекті азайтады дейді мамандар. Кезектегі келіспеушілікті жою үшін өзге де жұмыстар жасалуда. Бұл туралы Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баяндады.
Жаңа өзгерістер енгізілген атаулы әлеуметтік көмекке құжат жинау жұмыстары апта басынан басталды. Мемлекеттік көмектен қалып кетеміз деп қорықты ма, әйтеуір қала тұрғындарының халыққа қызмет көрсету орталығында қарасы қалың. Ұзын сонар кезек күткен халық тіпті, жанжалдасуға дейін барды. Мұндай келеңсіздікті азайту мақсатында жауапты мамандар жаңа қабылдау кестесін әзірлеген. Ол — алфавиттік кесте. Яғни, 5 қаңтар мен 25 қатар аралығында алфавит реті бойынша 38 әріп 13 кестеге бөлінген. Өз фамилияңыздың бастапқы әріпі қай күнге түссе сол күні келіңіз. Осы әдіс арқылы құжат қабылдау мекемесіндегі кезекті азайтуды көздеп отыр мамандар. Алғашқы күні келушілер саны 7 жарым мыңға жуықтаған екен.
Атаулы әлеуметтік көмекті қаңтар айынан бастап алу үшін құжаттарыңызды қаңтар айының соңына дейін тапсырсаңыз жетеді. Құжат қабылдау тек бір жерде жүргізілмейді. Шымкент қаласындағы 4 аудан әкімшілігінде де арнайы орындар қарастырылған. Бұдан бөлек, құжат тапсыруға келген халықтың кезекке тұруын реттеу үшін еріктілер де көмек бермек. 2020 жыл еріктілер жылы болғандықтан валантерлардың белсенді жұмыстары да басталып кетті.