Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ерлан Айтаханов «Бесқұдықтас» кәсіпорнының жұмысымен танысты
    Айғақ MEDIA

    Ерлан Айтаханов «Бесқұдықтас» кәсіпорнының жұмысымен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.11.2019846 Views

    Еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі — Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады.

    Аталған зауыттың тыныс-тіршілігімен бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысып, жұмысшылармен жүздесті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Зауытта дайындалған травертин құрылыс материалы бүгінде Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне қолданылып келеді.

    Мәселен, қаладағы Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қасбетін аталмыш мекеме өз есебінен көркейтіп берді.

    Екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам адам жұмыс істейді. Нысан басында жатақхана, асхана, тағы басқа да орындар бар — жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жан-жақты қарастырылған.

    Мұнда Түркия мен Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Барлық жұмыстар автоматтандырылған.

    Айта кетейік, зауыт 2018 жылдан бері жұмыс істейді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.