Төлеби ауданында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды.
Спорт кешенінің ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, лентасын қиды, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бір уақытта сиымдылығы 210 адамға лайықталған ғимараттың құны 434,6 млн теңгені құрайды. Нысанның құрылысын «Аслай» ЖШС-гі жүргізді.
Енді жаңа кешенде 1400-ден астам жастар мен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен жаттыға алады.
Төлеби ауданында жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.
Тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында ауданда 357 спорттық нысандар жұмыс істейді.
Соның ішінде: 1-«Жастық» стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейіні, 1-«Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 55-спорт залдар, 1-мектептік ашық спорттық комплекс, 8-мылтық ату тирлері, 275-ашық спорттық ойын алаңдары, 13-бейімделген спорт залдар бар.
Биыл Қасқасу ауылынан жеке кәсіпкер М.Қозыбақовтың демеушілігімен құны 150 млн теңгелік спорттық сауықтыру кешенінің құрлысы жүргізілуде. Күні кеше Бірінші Мамыр ауылдық округі Бейнеткеш ауылынан жеке кәсіпкер Бағила Әшірбаеваның демеушілігімен «Байтерек» жабық кіші футбол алаңшасы ашылды.