Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістанда Арбат ашылды
    Бас ақпарат

    Түркістанда Арбат ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.09.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Түркістан қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымберұлы, Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіханов Әбдіқадыр қатысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнының ашылуына қала тұрғындары мен қонақтары куә болды. Ер түріктің алтын бесігі саналатын Түркістан шаһары Түркістан облысының орталығына айналғанына бір жылдан аса уақыт өтті. Осы уақытта қаншама құрылыс нысандары бой көтеріп, жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Арбат демалыс орны халыққа жайлы әрі көрікті жерлердің бірі болмақ. Ғажайып нысанның ашылу салтанатында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы құттықтау тілегін білдіріп, қаланың әлі де қарқынды дами түсетіндігін айта өтті.

    «Күні бүгінге дейін, шаһарға байланысты қаншама мемлекеттік деңгейдегі маңызды шаралар қаралып, Президентіміздің тікелей қамқорлығымен көз тоярлық игі істер атқарылып келеді. Қаншама түрік тілдес ұлт өкілдерінің де бір үйдің адамдарындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығы баршамызды қуантады», деді жиналған қауым алдында сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

    Облыс басшысының айтуынша, алдағы уақытта осы сияқты жиырма шақты гүлзарлар мен спрот алаңдары ашылады. «Және, аталмыш демалыс орны орналасқан көше бойында барлық талаптарға сай сауда орындарын ашамын деушілерден сұраныстар да қабылдаймыз» деді, Өмірзақ Естайұлы. Салтанатты кешке келген халық әртүрлі музыкалық асаптарда ойнаған музыканттар мен актерлердің өнерлеріне тәнті болды.

    Арбаттың атмосферасын көрсететін әлемдік, қазақстандық авторлардың музыкалық шығармалары, струнный квартет және саксофанист, күйші домбырашылар, Абайдың өлеңдерін, Қожа Ахмет Ясауидың хикметтерін оқып отырған актерлер, сурет салып отырған суретші мен ақ жаулықты әжелерге дейін осы салтанатты кештің ажарын ашты. Жобаның құны – 99293,0 мың теңге. Жалпы аумағы – 0,15 га, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылды және 2600 м2 гранит тас төселді. Сонымен қатар 145х10 метр металлоконструкциялық ферма (аспалы метал құрастырылым) қойылып, түрлі — түсті шамдармен жарақтандырылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.