• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мегаполисте үш тілде білім беретін балабақша іске қосылды

28.08.2019
0

Шымкентте 900 орынға арналған балабақша іске қосылды. Білім күніне орай ашылған бұл мектепке дейінгі мекеменің ерекшелегі инклюзивті білім бермек. Яғни, барлық баланы бөле-жармай қоршаған ортаға қарай бейімдеу, өмірге ғашық ету. Балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер шаттанған күні мегаполистің әкімі Ерлан Айтаханов та арнайы барып, жеке кәсіпкердің еңбегіне алғыс айтты.

Кәсіпкер Низамхан Сүлейменов соңғы уақыттары бүлдіршіндер мен оқушыларды қуантып жүр. Мектеп пен балабақша ашудан алдына жан салмайтын азамат бұл жолы тағы сол білімді ұрпақты қуантуды жөн санапты. 900 орынға шақталған мекемені бір ғана жылдың ішінде іргетасын көтеріп, лентасын кесуге берді. Тассай шағын ауданына салынған бұл ғимараттың құрылысы биыл наурыз айында басталған болатын. Небәрі бес айдың ішінде сапасына сөз тигізбейтіндей етіп салдық деп отыр. Бүлдіршінді өзіне баурап әкететін түрлі-түсті суреттермен әспеттелген балабақшаға қаланың әкімі келіп, мемлекетке жәрдем беріп отырған азаматтың ісін жоғары бағалады.

Шымкент қаласында 501 балабақша бар. Соның 400-ден астамы жекеменшік. Кәсіпкер өз қаражатына салған мекемелердің құрылысы қайта жылдам аяқталып, өзінің ар-ұяты үшін сапалы етуге тырысады екен. 900 орынға шақталған мына балабақшаға қазірдің өзінде бүлдіршіндер тоқтаусыз тіркеліп жатыр. 32 топ жұмыс істейді. Таңнан кешке дейін жұмыстан қолы босамайтын ата-ана үшін таптырмас балабақша тәрбиені мейіріммен беруге ниет етіп отыр.

Бұрын ата-ана баланың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіруді әжелеріне тапсыратын. Үлкеннің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскеннің сана-сезімі өзгеден ерекше болып қалыптасады. Ол баланың бойынан мейірім мен кеңдік байқалып тұрады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім беретін балабақша да сол саясатты ұстанбақ. Ерлан Қуанышұлы жаңа ғимараттың әр бөлмесі мен материалдық құрылғыларына көңіл бөліп, толық танысып шықты. Жаңа мекеменің ішінде әзірге 200 бала бар. Сол бүлдіршіндер мен тәрбиешілер ашылу салтанатына концерттік бағдарламаларды әзірлеп, әкімге өздерінің мүмкіндігін көрсету үшін дайындалған. Айтаханов сол еңбектері еш кетпесін деген болар, бар балақайдың қызықты өнерлерін тамашалап, қол соқты. Жылы сөз айтып, бастарынан сипап кетті.

Баланың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық дамуын байқап отыратын психолог, логопед пен ұстаздар жұмыс жасап жатқан балабақша әр топты жас ерекшеліктеріне қарай дайындаған. Қосымша үйірмелер де бар. Толық бейнекамералармен жабдықталған. Айта кетейік, мегаполисте балабақшаға кезек күтіп тұрғандардың саны әлі 23 мыңнан асады. Сондықтан, дәл осындай мектепке дейінгі мекеме керек-ақ болып тұр. Кәсіпкер Низамхан Сүлейменов бұған дейін биылғы жылдың шілде айында мектеп ашып, пайдалануға берген болатын. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай бой көтерген білім шаңырағына ұлы ақынның есімі берілді.

1200  оқушыға арналған жалпы орта мектебі жаңа оқу маусымын алғаш рет бастағалы тұр. Бірақ, бала саны 1800-ге жетіпті. Ата-ананың көпшілігі баласының жаңа ғимаратта, білікті ұстаздардан білім алғанын қалап отыр.  Өйткені, бұл мектепке мұғалімдер тест арқылы жұмысқа тұрған. Ақынның есімін иеленген мекемеден қаланың әкімі аттап кетпеді. Уақыт бөліп, аялдады. Ішін аралап көріп, жағдай жасалғанына көзі жетті.

Білім ордасында оқушылар қолөнер және тігін тігумен айналысуға болады. Түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік жасалған. 400 орынға арналған акт зал, асхана, спорт залы талапқа сай. Бұл су жаңа ғимараттың орнында бұрын саманнан салынған №85 мектеп болатын. Ғасырлық тарихы бар сол білім ұясы қайта жаңарып отыр.  Мектептің жүрегі – ұстаз. Сондықтан ұлағатты тұлғалар мейірімді, екінші ата-анадай қамқор болса болғаны. Қала әкімі осындай ой тастап, жұмысты енді бастап отырған ұжымға сәттілік тілеп кетті.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.