Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Сарыарқа» газ құбыры қазан айында Нұр-Сұлтанға дейін тартылады
    Айғақ TV

    «Сарыарқа» газ құбыры қазан айында Нұр-Сұлтанға дейін тартылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.08.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасы төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры тасжолының 820 шақырымына барып қайтты. Газ құбырының құрылысы 2019 жылы қазан айында аяқталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

    Ахметжан Есімов құрылыс объектісіне оң баға беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды, сондай-ақ газ құбырын іске қосу-жөндеу жұмыстарының өз мерзімінде бітуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

    «Қазіргі таңда газ құбырының құрылысы 75%-ға аяқталған. Жалғау жұмыстары Қарағанды мен Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен әкімдіктер құрылыстың желілік жағы тәмамдалғаннан кейін елді мекендер мен астананы газбен жабдықтауға кіріседі», — деді «АстанаГазҚМГ» АҚ Бас директоры Сағидулла Мақашев.

    Айта кеткен жөн, газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ол Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге арналған. Қор ауқымды жобаны қаржыландыруға қатысады, құрылыстың мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы, операторы – «Астана Газ ҚМГ» компаниясы. «Сарыарқа» газ құбыры «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан бастау алады. Негізгі құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңына қарай аяқталатын болады. Пайдалануға енгізу 2020 жылы жоспарланып отыр. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061 км, ол
    1,7 млн. тұрғыны бар 171 елді мекенді қамтиды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.