Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫҢЫРАУДАН ШЫҢҒА САМҒАҒАН ТҰЛҒА
    Айғақ MEDIA

    ШЫҢЫРАУДАН ШЫҢҒА САМҒАҒАН ТҰЛҒА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2019Updated:30.05.2019Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Рухы биік, арманы асқақ, Отанның нағыз патриотты азаматтарынан айырылу – қазақ халқының ғана сол кезеңде маңдайына жазылған жоқ. Одақтас мемлекеттердің көш бастаған ұлдары мен көкірегі ояу асыл перзенттерін негізсіз айыптау арқылы зұлмат жылдардың зобалаңын тартты.  Иә, қуғын-сүргін – аяусыз жазалау мен жер аудару, ату, интеллегенцияның тамырына балта шабудың бастауы болды. Тұрар Рысқұловтай ел ардақтысының туылғанына 125 толуына орай еске алған Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архиві мекемесінің бастамасымен, Шымкент қаласындағы қуғын-сүргін мұражайы танымдық шара ұйымдастырып, мемлекет қайраткерінің өмір жолы туралы сыр шертті.

    1926 — 1959 жылдар аралығындағы елімізде жүргізілген кеңестендіру саясатының нәтижесі ХХ ғасырдың басында қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясының басына қара бұлтты үйірді. Статистикалық деректер сүйенсек, Қазақстанда 100 мыңнан астам адам репрессиға ұшырап, 25 мыңнан астам адам ең ауыр жаза – ату жазасына кесілген. Сталиндік үлкен террор осылайша миллиондаған жанды  «халық жауы етті».  Ғұмыры ерте үзілген қазақ инттелегенттерінің қатарында:  Тұрар РЫСҚҰЛОВ та бар еді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз» керек. Иә, қазақ тарихының қалыптасуы мен, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуінде өткен ғасырдың алғашқы жарты жылдығындағы майталмандардың еңбегі ерен. Сондықтан да бүгінгі шара Тұрар Рысқұловтың өмірі мен өнеге ісіне арналып отыр. Аталмыш іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің тарих ғ.к., доцент — Н.Тәжімұқанова, ОҚМПУ-нің оқу-ісі жөніндегі проректоры, тарих ғ.к., доцент — Исабек Баршагүл Қашқынқызы, ОҚМПУ-нің тарих ғ.к., доцент — Алдаберген Мүслім, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің филиалы Тұрар Рысқұлов атындағы музей меңгерушісі Махмұтов Лесбек, сондай-ақ музей архив қызметкерлері және қала тұрғындары мен қонақтары, жастар қатысты.

    Зұлмат жылдардың зобалаңы болмағанда, әсірешілдердің сарсаңына ұрынып, солақай саясаттың құрбанына айналмағанда, әлемдік аренадан әлдеқашан үлкен орын алатын бе едік, шіркін! Шүкір дейміз, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жоғалғанымызды табылып, өткенімізбен қауышып жатқандығымыз жарқын болашаққа бастаған маңызды жол.

    Заманының заңғар тұлғасы Тұрар Рысқұловтың айбынды еңбегі сол кезеңде Алаш жұртына ғана емес, һәм алыс-жақын шетелдерге де белгілі болған. Моңғолияның өзі құрмет тұтып, қадірлейтін  Тұрар Рысқұловты алғашқы Ата заңының жазылуына ұйытқы болғандығын мақтанышпен айтады. Мемлекеттің астанасын Уланбатор деп қоюды ұсынған да Рысқұлов болатын.

    Иә, Рысқұловты Советтік Шығыстың көсемі ғана емес, дүние жүзілік ұлттық қозғалыс көсемдерінің бірі» дейді. Рас айтылған теңеу. Қазақтың экономикасы, қазақ елінің дамуы, шекарасының бүтіндігі, елдің тұтастығы, бірлігі мәселелері Тұрар Рысқұловтың публицистикасында сайрап жатыр. Мұнан кейін қазақ өлкелік комитетінде жауапты қызметтерді атқарған ол  — Бүкілодақтық атқару комитеті төрағасының қаулысымен РСФСР Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметімен қоса, Түріксіб теміржолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы ретінде, оны 6 жылда аяқтаудың орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Осы тұста, «Айғақ» телеарнасының ұйыдастыруымен Алаш арыстарының ізімен Мәскеу қаласынан дайындалған фильм көрерменнің жүрегінен үлкен орын алғандығын айтуымыз керек. Сондықтан, өткенімізді ұмытпай, оны ұлықтау мәңгілік парызымыз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.