Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барды. Онда «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 138 гектар аумақтың 110 гектары алма бау, ал қалған 28 гектардың құрылысы жүргізілуде. Алып жатқан егіс алқабында бүгінгі таңда 265 000 көшет отырғызылған. Олардың барлығы Италия елінен әкелінген түп ағаштар.
Соның ішінде Гренин Смит сорты 50 мың, Айдаред 50 мың, Голден делишес 115 мың және Гала сорты 50 004 түп.Жалпы егіс алқабына 1 млрд 650 млн теңге қаржы бөлінген. Кәсіпкер Әсет Қайыпбековтың бастамасымен бастау алған жұмыстың 70 пайыз каржысы бюджет есебінен.
Айта кетейік, құрылысы 2017 жылы басталған кооператив тамшылатып суғару жүйесі арқылы жұмыс жасайды.