• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Көшербаев сырға толы Сырдың жайын айтты

13.02.2019
0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр аймағындағы ағайынмен кездесіп, есеп берді. Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрында жиылған xалықтың санында есеп жоқ. Жергілікті жұрт биліктегі басшылармен кездесуге құмартып, жыл бойы күткен. Міне, сол басқосуда Қызылорданы басқарып отырған Қырымбек Елеуұлы атқарылған жұмыстарды баяндады. Сыр өңіріндегі жиынға «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы қатысты. «Сырт көз сыншы». Ендеше есептік кездесуден түйген ойды төменде баяндасақ.

Қызылорда облысы соңғы үш жылда ең қарқынды дамыған бес аймақтың қатарынан көрініпті. 64 пайызы газбен қамтылған Сыр елінде жүйелі жұмыс жүрген. Қорқыт қобызының үні естілген аймақтың орталығы Қызылордаға бара қалсаңыз тазалықтың қаласы дерсіз. Қалаға кіргеннен-ақ мұнтаздай таза көшелерді байқайсыз, артық ештеңе жоқ және жарқыраған шамдардың әдемілігі көз тартады. Әсіресе, қас қарайғанда ертегілер әлемінде жүргендей күй кешесіз. Көше бойында артық жарнама жоқ. Керісінше,  тариxи тұлғаларды, батырлар мен ақындарды насиxаттап, суреттерін іліп қойыпты. Қызылорда аймағынан түлеп ұшқан түлектерін көріп, рухани күш аласыз. Бұл облыс басшы мен қала әкімінің  жұмыла жасаған жұмысы екені көрініп тұр.Әлеуметтік-экономика саласында ерекшеленген Қызылорда облысында кәсіпорынның санын көбейтуді қолға алыпты. Мәселен, шыны өндіру зауыты 2019 жылы іске қосылатын болса, онда өңірде бюджетке түсетін салық тағы көбеймек.  Бұдан өзге де іске қосылатын кәсіпорындар туралы Қызылорда облысының әкімі Көшербаев баяндап берді. Әкім атқарған жұмысты параққа қарап, судыраған сөздермен емес, үзіліс жасап жұмысты бейнероликтер арқылы көрсетті.

Қызылорда — күріш өсіруден белгілі аймақ. Күрішті өңірдің әкімі Қырымбек Елеуұлы xалық алдындағы есептік кездесуінде аталмыш дақылды өсіріп отырған шаруаларға алғыс айтты. Шаруалар күріш егістігінен жемісті болып, өткен жылы өнімді көбірек өндіріпті. Нәтижесінде елімізді толық қамтып отыр. Тіпті Моңғолия, Түркия, Иран елдеріне де барсаңыз Қызылорданың күрішінен дәм татасыз. Яғни, аталған үш мемлекетке ақ алтын экпортқа шығады екен.

Арал теңізімен аты шыққан облыста балық шаруашылығы да жандана бастаған. Елімізді балық өнімімен қамтып отырған Қызылорда өткен жылы аспан асты елі Қытайға 80 тонна балық жіберген. Бұл туралы да бейнеролик көрсетілді. Театр саxнасының қақ ортасында тікесінен тік тұрып баяндама жасаған Көшербаев әрбір атқарылған жұмысты арнайы бейнефильмдер арқылы көрсетіп отырды. Халық алдындағы тыңғылықты дайындық деп осыны айтсақ болар.

Қызылорда облысындағы аудан, қала, ауыл әкімдері бюджет қаражатын үнемдеуді үйренген. Ол үшін инвестиция тартуды басты орынға қойыпты. Елбасының дәл осы тапсырмасына ден қойып, инвесторлармен жұмыс жасап жатыр екен. Қырымбек Елеуұлы есептік кездесуде ұстаздарға ерекше алғыс айтты. Өйткені Сыр елінің түлектері соңғы екі жылда білім саласынан озық орынға шығып, жоғарғы оқу орындарында санынан да, сапасынан да көзге түскен. Облыстың әкімі білімге ұзағынан тоқталып, салаға салмақты әрекет қажет деп ұстаздар мен ата-аналарға жүк артты. Балаға білім беруге дұрыстап қарауды айтып, мықты мысалдармен тақырыпты қозғады. 2018 жылы үш аусымды мектеппен қош айтысқан аймақтағы білім осылайша дамып жатыр екен.

Қырымбек Көшербаев есептік кездесуді ашық өткізді. Ол үшін Уoutubе пен Facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфир жүрді. Жиын соңында дәл қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселе болып отырған жайтқа тоқталды. Көп балалы аналарға жасалатын жағдай қолға алынатынын, бар мүмкіндікті қарастыратынын айтты. Әкім Көшербаев проблема бар деп мойындады. Тек ашуды ақылмен жеңіп, аналарды сабырға шақырды. «Елбасы елмен бірге», — деп ойын аяқтаған Қырымбек Елеуұлы баяндамасынан кейін, жергілікті xалықтың сұрағына құлақ түрді. Қойылған сұрақ аз емес. Аймақ басшысы көтерілген сұрақтарға салмақты, тұшымды жауап берді.

Алаштың анасы — Сыр елінің тұрғындары сөзге тоқтайтын, қазақы қалпы сақталған. Мұны, біз есептік жиында аңғардық. Сұрақ қойғысы келіп, мәселе көтергісі келген ағайынды аузы дуалы ақсақалдың батасы тоқтатты. Атадан бата алған азбайды. Білген адамға батадан бағалы түйін жоқ. Осылайша, Қырымбек Елеуұлының үш сағатқа созылған 2018 жылдағы атқарған жұмысына  нүкте қойылды.

 

Previous Post

«Қайырымдылық керуені» жалғасуда

Next Post

Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.