Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»5 науқастың көзіне ота жасалынады
    Айғақ TV

    5 науқастың көзіне ота жасалынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.02.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облыстық клиникалық аурухананың көз аурулар бөлімшесіне украиналық дәрігер Оксана Петренко жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін арнайы келген. Көзін жарақаттаған науқастарға шетелдік маманның қатысуымен ота жасалды. Ақпанның 13-і мен 14-і күндері жергілікті медицина қызметкерлеріне мастер класс та өткізетін болады. 

    Түркістан облыстық клиниканың көз аурулар бөлімшесінде жылына 2500-ге дейін ота жасалынады. Мұнда жыл сайын заманауи техникалар да толықтырылып, сапалы кадрдың да саны артуда. Өйткені, еліміздің әр өңіріндегі үздік көз дәрігерлерімен тәжірибе алмасамыз дейді дәрігерлер. Оған себеп, медицина саласындағы жаңалықтар, өзгерістер мен толықтырулар күн санап артуда. Украиналық маман медицина саласында тәжірибе алмасудың өте маңызды екендігін айтып өтті.      

    Бүгін 5 бірдей ота жасалыну жоспарланған. Іске кіріспес бұрын шетелдік маман процесті науқастардың ахуалымен жақын танысудан бастады. 5 науқасқа әр түрлі диагноздағы ота түрі жасалынады. Бірінің жанарына жарылғыш заттардан тиген ақауды қайта қалпына келтіру жоспарланса, енді біріне  отаның блефаропластика деп аталатын түрі жасалынды. Блефаропластика –жоғарғы және төменгі қабақтың артық терісін және жарықтарын жоюға бағытталған хирургиялық рәсім. Жоғары қабақтағы артық терілер кез келген жанға ұнамасы анық. Ал, бұған жасалынатын отаның мәні — көздің астында күлдіреп тұрған артық теріні, бұлшықет талшықтары мен салбырап тұрған қабақтың бір бөлігін алып тастау. Шұғыл араласу — жергілікті анестезиямен жасалады. Мұндай оталар 30-40 минуттан ары созылмайды. Жергілікті мамандар Ресей елінің дәрігерлерімен де жиі тәжірибе алмасып, тығыз қарым-қатынас жасайтындықтарын айтты.

    «Айғақ-ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.