Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан облысындағы Жетісай диқандары үш мың тоннаға жуық жүзім жинады
    Агро

    Түркістан облысындағы Жетісай диқандары үш мың тоннаға жуық жүзім жинады

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.09.2018343 Views

    Ауданда 650 гектар жүзім алқабы жайқалып тұр.

    Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары жүзім теру жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бүгінде Жетісай ауданында жалпы 650 гектар жүзімдік алқабы бар болса, оның 82,5 гектары ағымдағы жылы отырғызылған. Қазіргі таңда жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 2832 тонна өнім жинап үлгерді. Мол өнім жинап жатқандардың қатарында «Арсенал-сад» ЖШС-де бар.

    Аталмыш серіктестік иелегінде 75 гектар алма, 92 гектар жүзімдік алқабы бар. Алманың бір келісі 100-150 теңге, ал жүзімнің бір келісі 80-100 теңге аралығында сатылуда. Өндірілген өнімнің басым көпшілігі еліміздің солтүстік облыстары мен көршілес Ресей елінің шекаралас аймақтарына жөнелтілуде. Серіктестіктің жұмысына жаңа серпін тілеген аудан әкімі алдағы уақытта өңірде қарқынды бау көлемі мен жүзім плантацияларын ұлғайту көзделіп отырғандығын жеткізді.

    Жетісай ауданындағы жүзім алқаптарының басым көпшілігі Кеңес заманында әлемге аты мәлім болған Абай ауыл округінде орналасқан. Аталған округте қазіргі таңда 293,5 гектар жүзім алқабы жайқалып тұр. Қазірдің өзінде абайлық диқандар 1362 тонна жүзім жинап, ауданда көш бастады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.