Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тимур Жақсылықов ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды
    Жаңалықтар

    Тимур Жақсылықов ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.09.2018253 Views

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

    Тимур Жақсылықов 1968 жылы дүниеге келген. 1993 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ тарихшы мамандығы бойынша, 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры ретінде бастаған.

    Түрлі жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі өкілдер тобының басшысы, «Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК директоры м.а., «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

    2007 ж. қыркүйек — 2009 ж. қазан аралығында — Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директоры, Астана қ. әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

    2009 ж. қазан – 2010 ж. сәуір аралығында — ҚР индустрия және сауда вице-министрі.

    2010 ж. сәуірі мен тамыз айы аралығында — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы.

    2010 ж. тамыз айынан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

    2010–2012 жылдары — ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

    2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

    2017 жылдан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр).   

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.