«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛЫ 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 493 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жамбыл облысының тұрғыны Жадыра Мұханова жоба қатысушысы болды.

«2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Психология мамандығы бойынша бітірдім. Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, маманнан консультация алып, өз мамандығым бойынша жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеру үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға шешім қабылдадым», – деп бөлісті Жадыра.

2023 жылғы қаңтарда Жадыра Мұханова жоба бойынша Тараз қаласындағы «Парасат» колледжіне жіберілді, онда ол өзін жан-жақты білікті маман ретінде көрсетті. Бүгінгі күнде ол оқу орнында жұмысын жалғастыруда.

Жобаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Жоба бойынша оқу орындарының түлектеріне арналған жұмыс орындары олар игерген кәсіп немесе соған ұқсас мамандық бойынша құрылады. Жұмыс беруші жобаға қатысушыларға кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесімен бөлісу  үшін тәлімгерді бекітеді.

Жобаны қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтер негізінде жүзеге асырады. Субсидиялардың айлық мөлшері (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есептемегенде банк қызметтерін ескере отырып) 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақыны субсидиялау мерзімі 6 айдан аспайды.

Ұқсас жазбалар

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...