Шымкент қаласында 14 күнге карантинге жабылған мөлтек аудандағы тұрғындардың жағдайы қалай? Абай ауданына қарасты «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында қазір залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда тұратын 716 тұрғын үйге күнделікті екі рет ауыз су тасымалданып, азық-түліктер жеткізіледі екен. Әлеуметтік арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн тарқатылып, әзірге нан бағасын тұрақты бағада ұстап тұр. Яғни, Жаңаталап тұрғын алабынан 500 метр қашықтықтағы наубайханада нан жабылып, 75 теңгеден сатылуда. Оқшауланған мөлтек ауданға Абай ауданының әкімі кіріп, тұрғындардың хал-ақуалын біліп қайтқан. Мұндай қиындықты жергілікті халықпен бірге жеңіп, қажет болса күн сайын карантинге жабылған тұрғындармен бірге боламын — дейді Бұқарбай Парманов.
-
Әуежай, Самал, Бекжан автовокзалдары жұмыстарын толық тоқтатты.
-
36 мектеп, 127 балабақшалар, 3 жоғарғы оқу орны, 9 колледждің жұмыстары уақытша тоқтатылған,
-
12 Ірі сауда орталықтары, 2 саябақ, компьютерлік клубтар, букмекерлік орталықтар, лото, спорт кешендері толығымен жұмыстарын тоқтатты.
-
2 автокөлік базары, 1 мал базары жабылды, қалған 10 базарда азық-түліктен (сағат 10:00-18:00 дейін) басқа қызмет түрлері тоқтатылды,
-
1054 кіші азық-түлік дүкендері сағат 09:00ден 21:00ге дейін қызмет жасйды,
-
59 тойхана жабық.
-
31 монша толық жабылған.
-
252 қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00 ден 18:00ге дейін жұмыс жасайды, келушілер саны 50 адамнан аспауы қажет, ғимарат ішінде қолды және аяқ киімді залалсыздандыратын сантизаторлар орнатып, антисептикалық заттар мен адамның дене қызуын өлшейтін тепловизорлар орнатылуы тиіс.
-
695 басқада кәсіпкерлік қызмет көрсету саласындағы объектілер (сұлулық салондар, киім тігетін орындар, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету станциялары, ломбардтар) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.