Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет беруді тапсырған болатын. Жауапты мамандар кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушыларға айына бір рет азық-түлікті, тоқсанына бір рет тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтығын жеткізуде. Бүгінде қаңтар және ақпан айының әлеуметтік пакеттері тапсырылды. Бадам ауылдық округінен сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетіліп жатқан мемлектік көмекпен танысты.
Аз қамтылған отбасыға АӘК тағайындалған соң, кепілдендірілген әлеуметтік пакет алатындардың тізімі жасалады.
Ордабасы ауданында 5530 отбасы АӘК алса, оның 60%-ы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алуға ұсыныс білдірген. Бадам ауылдық оркугінің аумағында 95 отбасы жоғарыда аталған санатқа енгізіліп, балалардың жас айырмашылықтарына қарай бөлінген қораптар отбасыларға табысталуда. Бүгінде 1-3жас аралығындағы 43 бүлдіршін болса, 3-6 жас аралығындағы 57 бала тіркеуден өткен.
Бадам ауылдық округіне қарасты Қоғамдық жұмыста қызмет ететін көпбалалы ана өзіне тиесілі әлеуметтік пакеттерін алғаш рет алып тұр. Айша Қарабалаева атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарын тапсырып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек үшін алғысын жеткізуде.
Ордабасы ауданына қарасты 10 ауылдық округ болса, бүгінде екі бірдей ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік пакеттері таратылды.
Айғақ-ақпарат