«Nur Otan» Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек іс-сапарын Түркістан облысында жалғастырды. Рухани шаһардағы халықтың мәселесіне мән беріп, партияның аймақта атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар болды. Бастысы 18 наурызға белгіленген Елбасының қатысуымен өтетін «Nur Otan»-ның Саяси Кеңесіне ұсынылатын мәселелерді нақтылау да өңірлерге жасалған сапарлардың нәтижесінде белгілі болмақ.