Абай – қазақ құқығының білгірі! Дәл осы тақырыпта Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жиын өтті. Шара барысында ұлы ақынның шығармашылығы дәріптеліп, әндерінен шашу шашылды, -деп хабарлайды «Айғақ» ақпарат тілшісі.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілуі тиіс. Дәл осы бастаманы қолдап отырған Шымкент қалалық соты бүгінгідей рухани шара ұйымдастырып отыр. Қазақтың біртуар тұлғасының есімі қазірде әлемге әйгілі. Ал, оның шығармаларының деңгейін тек бір ғана сөзбен айту тіпті қиын. Оны түсіну керек, мән-мағынасына терең үңілу керек.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері қазақтың сарқылмас қазынасы, мол байлығы. Сондықтан да, ұлы тұлғаның есімін насихаттап, шығармаларына терең бойлау қазақтан шыққан әрбір азамат үшін парыз.