Түркістан облысындағы орта арнаулы мамандарды даярлайтын үздік екі бірдей колледжді мемлекеттік-жеке серіктестік тұрғысынан басқару құқығына ие болған еліміздегі ірі кәсіпкер Болатбек Әлиев әлеуметтік желі арқылы ащы шындығын жариялады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Болатбек Нәжіметдинұлы 2020 жылдан бастап Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарайтын Түркістан жоғары аграрлық және индустриалды-құрылыс колледждерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы басқаруға көшкендігі белгілі. Бұл тұста, бизнесмен мұндай қадамға салаға өзгерістер әкеліп, мамандарды даярлайтын орта арнаулы оқу орындарында нағыз еңбекқорлыққа қолайлы жағдай туғызғысы келгендігін айтады. Сондай-ақ, елге жаңа технологияларды меңгерген, қазіргі заманғы жабдықтарда жұмыс істеуге дайын қалыпты кадрлар қажеттігімен байланыстырды.
Ал, оқу орындарындағы қалыпты жағдай тіпті бөлек болып шықты. Мәселен, колледждердің бірінде 03.02. 2020 ж. 1321 оқушысы бар жалпы контингенттің 247-і ғана сабаққа келген. Бұл сабаққа қатынасушылардың 18, 78% пайызын ғана құрайды. Сондай-ақ, бір де бір оқушысы болмаған топтар да бар. Келесі күнгі жиынтық көрсеткіш 13% деңгейінде. Өткен аптаның барлық 5 жұмыс күні ішінде бір рет қатысу белгісі 30,10% — ға жеткен. Деректер тіркеліп, оқу бөлімінің орынбасарымен расталып отыр.
«Шынымды айтсам, мұндай жағдай туралы жақсы ойлануға тура келді. Оқушылардың сабақтарға жаппай қатыспауы мүмкін, демек, оқытушылар дәріс пен практикалық сабақтарды өткізбейді деген сөз. Менің ойымда да болған жоқ. Мен енді не істеуім керек, қандай шаралар қабылдауым қажет? Бұған көз жұмып, колледж студенттеріне грант негізінде мемлекеттік шәкіртақыны әрі қарай төлеуім керек пе? Ал, шындығында студенттерді оқытпайтын оқытушылардың жалақысы ше?» — дейді Болатбек Әлиев фейсбук парақшасында.
Я– в растерянности, я – на распутье. Мы взяли в дов. управление в Туркестанской области два колледжа –аграрный и…
Опубликовано Болатбеком Алиевым Вторник, 11 февраля 2020 г.