Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.
М.Әйтенов 1981 жылы туған, білімі жоғары.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 ж.ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 ж.ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2019 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарған.