Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың өкімімен Жангазиев Ербол Уласбекұлы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ербол Ұласбекұлы 1983 жылы қараша айының 1 күні Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылдың тамыз айында Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде «Ер -Нұр» ЖШС–не жетекші маман ретінде бастаған. Әр жылдары Ордабасы аудандық мәслихатының тексеру комиссиясы бөлімінің бас маманы, Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің «Экономика, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті бюджеттік есептеу, есеп беру және мемлекеттік сатып алудың есептілігін жүргізу» секторының менгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
2019 жылдың 24 маусымынан 2020 жылдың 17 қаңтар аралығында Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы 2 ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Ербол Ұласбекұлы ауданның экономика, қаржы, сәулет аудан және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне басшылық етеді.