ҚР Президентінің көмекшісі, Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. Мегаполиске жасаған жұмыс сапары барысында 80 -ге тарта қала тұрғынын жеке мәселелелерімен қабылдаған Айда Ғалымқызы қоғамдық кеңес мүшелерімен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруды айтты. Ал мұны жүзеге асыруда қоғамдық кеңестердің де алар орны ерекше. Себебі, бұл кеңес ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Осы орайда ҚР Президентінің көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының қоғамдық кеңес өкілдерімен еркін форматта кездесті.
Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуден соң ҚР Президентінің көмекшісі –Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының және Түркістан облысының азаматтық Альянс өкілдерімен де жүздесті. Басқосуға бірқатар үкіметтік емес ұйым төрағалары мен азаматтық альянстың аймақтардағы жетекшілері қатысты.
Азаматтық альянс мақсаты –қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың мүдделерін қорғау. Түрлі денгейде бизнес құрылымдар, әкімшіліктер, үкімет, парламент, халықаралық ұйымдарға олардың мүдделерін жеткізу болып табылады. Кездесу барысында осы бір маңызды құрылымның жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.
«Айғақ» апараты