Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», — делінген Жарлықта. Түзетулер басшылардың, соның ішінде министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық үшін оларға бағынышты адамдарды тартқан жағдайда дербес жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.
«Ақ Орда» сайтынан