Биылғы конференция «ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕДИА НАРЫҒЫ» деген тақырыпқа айналып отыр. Медиа өкілдері жаңа Президентті сайлағаннан кейінгі медиа саласындағы жүйелі мәселелерді, заңнама мәселелерін, медиа-бизнесті басқарудағы беталыстарды және тағы да басқа мәселелерді талқылауда. Қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші панелдік сессияда қатысушылар медиа саласының дамуындағы басты трендтер мен еліміздің жалпы саяси жүйесі аясындағы ағымдағы өзгерістер жайлы жаңалықтарды сарапшылардың өз аузынан еститін болады.
Арнайы панелдік пікірталас соңғы жылдары аса маңызды тақырыпқа айналған қазақ тіліндегі БАҚ-тың даму мәселелеріне айналмақ. Мемлекет қазақ тілді БАҚ-тың дамуына орасан зор ақша салып отырғанына қарамастан, бұл нарықтық алаңда әлі жұмыс жасамай отыр, контенттен ақша табу барысы өте әлсіз жүріп жатыр, көптеген медиа бизнес ретінде жұмыс жасап отырған жоқ, бірыңғай арнайы терминология базасы әлі жоқ. Қазақ тілін стандарттауға арналған арнайы оқу құралын жасап шығару біздің медиаға көмектесе ала ма? Осы және тағы басқа мәселелерді сарапшылар ортаға салатын болады. Сондай-ақ медиа нарығының айқындылық мәселесіне жеке сессия арналып, оның барысында қатысушылар digital және телевизияны өлшеудегі ұғымдық, технологиялық және әдіснамалық деңгейдегі мәселелерді талқыламақ.
«Айғақ» ақпарат